2018 жылдың 18 мамыр күні Астана қаласының 20 жылдығына орай 2002-2003, 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тас жолдағы велосипед спортынан Талдықорған қаласының Ашық Кубогының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатының қадірлі қонағы Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Колбаев Марлен Капашұлы, чемпионатты ашық деп жариялады. Жарысқа еліміздің облыстарымен қалаларынан 100 ден астам велоспортшы қатысты. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.