2023 жылдың мамыр айының 20-21 күндери аралыгында "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жасөспірімдер және кіші жасөспірім спортшылар арасында тереңдетілген медициналық тексерудің өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің ортопедиялық травматолог дәрігері Когай С.М., тіс дәрігері Байтасова Р.Б., көз дәрігері Кыдырбекова Ш.К., терапевт Оралхановна Т.О.. және медбикесі Нысанбаева А.А. спортшыларға медициналық қызмет көрсетіп, толықтай өз қызметтерін атқард.