Дүниежүзілік медбике күні (ағыл. International Nurses Day) жыл сайын 12 мамырда атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік Медбикелер кеңесінің (ICN) қолдауымен өтеді. Медбикелердің кәсіби мерекесі медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні аталып өтіледі. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853—1856) тұңғыш болып мейір бикерелер қызметін ұйымдастырған. 1971 жылы Флоренс Найтингейлдің туғанына 188 жыл толды. Халықаралық Медбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық медбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланады. Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып, қоғамдық ұйым – «Халықаралық медбикелер кеңесін» құрғаннан кейін 12 мамыр дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан тәуелсіздігін алғанан кейінгі жылы, 12 мамыр мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелген болатын. Біздің елімізде де бұл кәсіби мерекеге ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медбике күніне арналған іс шара ұйымдастырды. Аталған іс шараға дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің зейнеткерлері де шақырылды.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/1975-d-niezh-zilik-medbike-k-ni.html#sigFreeId6a06c213b7