2023 жылдың ақпан айының 19 күні Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайында, "Жетісу" ШФК (Талдықорған қ-сы) және "Каспий" ШФК (Ақтау қ-сы) командалары арасында шағын футболдан Қазақстан республикасының чемпионаты өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Саджина Александра Александровна, фельдшері Кибаев Кайрат Темирханович және жедел жәрдем автокөлік жүргізушісі Нуржаканов Акылжан қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.
Аталған ойында "Каспий" ШФК 5-6 есебімен жеңіске жетті.
Спортшылардан денсаулықтарына байланысты ешқандай шағым түспеді.