2023 жылдың ақпан айының 18 күні Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайында, "Жетісу" ШФК (Талдықорған қ-сы) және "Каспий" ШФК (Ақтау қ-сы) командалары арасында шағын футболдан Қазақстан республикасының чемпионаты өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Базарбаева Айнур Торебековна, фельдшері Сейтқалымова Диана Сейтнұрқызы және жедел жәрдем автокөлік жүргізушісі Нуржаканов Акылжан қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.

Ойынның барысында "Каспий" ШФК спортшысының жамбас сүйегіне жарақат алуына байланысты медициналық көмек көрсетілді.

Аталған ойында "Жетісу" ШФК 3-2 есебімен жеңіске жетті.