2023 жылдың ақпан айының 17 күні Талдықорған қаласы, «Өркен» спорт кешенінде таеквондодан Жетісу облысының чемпионаты өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Базарбаева Айнур Торебековна, фельдшері Сейтқалымова Диана Сейтнұрқызы және жедел жәрдем автокөлік жүргізушісі Нуржаканов Акылжан жарысқа қатысушыларға медициналық қызмет көрсетіп, өз кезекшіліктерін атқарды.

Бүгінгі ойынның барысында, қатысушылардан денсаулықтарына байланысты жеңіл жарақаттан шағымдар болды, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.