2023 жылдың 9 ақпан күндері, Талдықорған қаласындағы, Еркін ауылдық округі №26 ОМ және Әлімжанов көшесі, №20 мекен жайында орналасқан №27 ОМ спорт залдарында футзалдан 9-11 сыныптар (қыздар) арасында «Ұлттық мектеп лигасы» өз мәресіне жетіп, мараппаттау рәсіміне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің фельдшері Серікжан Дамир Қайратұлы, медбике Калиева Гульнар Калиевна және жедел жәрдем автокөлік жүргізушісі Кенжебеков Есет Аскербаевич жарысқа қатысушылардың қан қысымдары өлшеніп, медициналық көмек көрсетіп, өз кезекшіліктерін толықтай атқарады.

Жарыстың қортындысы бойынша:

Жетісу облысы, Талдықорған қаласының №19 орта мектебі 1 орынға, №17 орта мектебі 2 орынға және №10 орта мектебі 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз. Биік белестерден көріне берулеріне тілекшіміз!