2023 жылдың ақпан айының 4-10 күндері аралығында, Абай облысы, Семей қаласында қазақ күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар және кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілуде, осыған орай Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің фельдшері Әлімбаев Медғат Ардақұлы қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен Жетісу облысының құрама командаларын барып-қайту жолдарында, және орналасқан жатын жерінде толықтай денсаулықтарының қауіпсіздігіне қамтамасыз етуде.

Жарыстың барысында бүгінгі күні, яғни ақпанның 5 күні 60 келі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысының палуаны Сәлімбек Ақниет 1-ші орынға ие болды, Қызылорда облысының палуаны Болатбек Абылайхан 2-ші орынға ие болды, Жетісу облысының палуаны Нұржаубек Бекежан 3-ші орынға ие болды.

Біз жеңімпаз палуандарымызды шын жүректен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыра беруіне тілекшіміз!