2023 жылдың қаңтар айының 27 күні Жетісу облысы Сарқан қаласында «Шаңғы» жарысынан Жетісу облысының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шараға 18 жастан жоғары спортшылар шаңғы тебу шеберліктерін арттырып, жетістіктерін еселетіп, қашықтықтарды бағындырды. Осы жарыстың өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Саджина Александра Александровна, фельдшері Жанаманов Сұңғат Меркібекұлы, аға медбике Кыдырбекова Шолпан Кенжебаевна және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаканов Акылжан қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқаруда.