2023 жылдың қаңтар айының 19 күні, Талдықорған қаласының М.Жұмабаев атындағы №19, Еркін ауылдық округінің №26 орта мектептерінің спорт залдарында волейболдан 5-6 сыныптар (ұлдар мен қыздар) арасында «Ұлттық мектеп лигасы» жарысының өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің медбикелері: Байкенжинова Мейрамгуль Скаковна, Нысанбаева Алмагуль Ахметкалиевна және жедел жәрдем автокөлік жүргізушісі Нуржаканов Акылжан қатысушыларға медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.
Жарыс барысында ауыр жарақаттану орын алған жоқ. Жарыс қауіпсіздігімен жоғары деңгейде өтті.