2023 жылдың қаңтар айының 19 күні, Талдықорған қаласының "Жастар" спорт сарайында дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық Республикалық турнирдің кезекті жарысы өткізілуде, осыған орай Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің дәрігері Оралханова Толғанай Оралханқызы, фельдшерлері: Серікжан Дамир Қайратұлы, Әлімбаев Медғат Ардақұлы және жеделжәрдем автокөлік жүргізушісі Кенжебеков Есет Аскербаевич қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқаруда.
Бүгінгі жарыстың барысында, спортшыларымыздың арасында жеңіл жарақат алғандарға медициналық қызмет көрсетіліп, оларға қажетті емдік шара қолданылды.