Диспансеріміздің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне байланысты ұжымға жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады.
Сонымен қатар осы саладағы еңбектерімен көп үлестерін қосқан қызметкерлерге құрмет грамоталары тапсырылды, олар:
Алматы облысының кәсіподақтар орталығы аумақтың кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырмановтың атынан Облыстық дәрігерлік дене - тәрбиесі диспансерінің дәрігері Кальменова Людмила Дмитриевна және мейіргер Байгазинов Берік Қарашұлы құрмет грамтоталарымен мараппатталды
««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы С. Дүйсеновтың атынан бас есепші Шарипбаева Райкүл Сейтқалымқызы құрмет грамотасымен мараппатталынды.
Осы саланың аға медбикесі Қыдырбекова Шолпан Кенжебайқызы ұжым арасында құттықтау тілектерімен сөз сөйлеп, өз лебізін білдірді.
Дене шынықтыру және спортпен айналысатындарды қадағалау жөніндегі дәрігері Базарбаева Айнұр Төребекқызы және кәсіподақ төрайымы Абзельбаева Гульшарат Настайқызы сөз сөйлеп, ұжымға құттықтау тілектерін білдірді.
Бүгінгі облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансерінің атынан егеменді тәуелсіздік күнімен барша Қазақстандықтарды құттықтаймыз! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/1754-2022-zhyly-15-zhelto-san-k-ni-oblysty-d-rigerlik-dene-t-rbiesi-dispanserini-zhymy-arasynda-r-t-uelsizdik-k-nine-arnal-an-tty-tau-zhinalysy-tti.html#sigFreeId3f94e41238