2022 жылдың қазан айының 13 күні Талдықорған қаласының шығыс ықшам ауданында, І.Жансүгіров көшесі, 17а, «Бесарыс» стадионында көгалдағы хоккейден 21 жасқа дейінгі командалар арасында Азия кубогының өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің медбикесі Байкенжинова М.С. және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаканов А. жарысқа қатысушыларға толықтай медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.