Бүгінгі күні спортпен шұғылдану көптеген адамдардың өмірінде маңызды орын алады. Жылдық тереңдетілген медициналық тексерудің негізгі мақсаты - денсаулығының жай-күйін, физикалық даму деңгейін, жасөспірімдерді (балалар мен жасөспірімдерге қатысты), дененің алдыңғы қатарлы жүйелерінің функционалдық жағдайын, сондай-ақ физикалық дайындық пен психофизиологиялық мәртебесін бағалау болып табылады. Осыған орай, облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері спортшыларға жыл сайын міндетті түрде тереңдетілген медициналық тексерістен өткізеді. «Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансері» КММ-ің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлының басшылығымен төменде көрсетілген мамандар, спортшыларды тереңдетілген медициналық тексерістен өткізу қызметін атқаруда: хирург-травматолог, невропатолог, педиатр, отоларинголог, офтальмолог, стоматолог, дене шынықтыру және спортпен айналысатындарды бақылау бөлімшесінің дәрігерлері, массажист,емдік жаттықтырушы, егу бөлімесінің медбикесі, физио бөлімінің медбикесі, электрокардиограмма мейіргері, зертханашы, тіркеу бөлімінің медбикесі, содай-ақ республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейінде өткізілетін спорттық жарыстарда: дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер жарақат алған спортшыларға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Медициналық көрсеткіштері анықталған жағдайда спортшыларға біздің дәрігерлердің қосымша кеңесі мен функционалдық-диагностикалық және зертханалық зерттеулер тағайындалады.