2022 жылғы қыркүйек айының 20 күні, Қарабұлақ-Текелі тас жолында жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында велосипед спортынан көпкүндік Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің дәрігері Сайлаубаева С.Е., медбике Нысанбаева А.А. және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаканов А. жарысқа қатысушыларға толықтай медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен өз кезекшіліктерін атқарды