2022 жылғы қыркүйек айының 19 күні Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында 2006-2007ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тас жолдағы велосипед спорт түрінен көпкүндік жарыстағы Қазақстан Республикасының чемпионаты, әуесқойлар арасында «Masters» санатындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты, 2006-2007, 2008-2009ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында А.Кивилевті еске алуға арналған XVIII Республикалық жарыстың өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Когай С.М. спортшылардың жарысқа қатысу рұқсаттама қағаздарын тексеру мақсатында мандаттық комиссияға қатысты.