Сіздерді шын жүректен келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып,
Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Ізгі тілектерімен, Облыстық дәрігерлік денетәрбиесі диспансерінің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлы