2022 жылдың 09 маусым күні Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылында, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың және Азия чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадраевтың жүлдесі үшін грек – рим күресінен 2008 – 2009 ж.т. жасөспірімдер арасындағы «Қазақ батырлары» V Республикалық турнирінің өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің дәрігері Сайлаубаева С.Е. және медбикесі Тергеусизова К.Т. жарысқа қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/1389-2008-2009-zh-t-zhas-spirimder-arasynda-y-aza-batyrlary-v-respublikaly-turnirini-tkizildi.html#sigFreeId364be74634