«Жетісу» орталық стадионының қосалқы алаңында футбол орталықтары мен академияларының 2009 ж.т. қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің медбикесі Кусаинова Ш.К. және автокөлік жүргізушісі Нуржаханов С.У. футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.