2022 жылдың мамыр айының 22 күні, Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионында футболдан «Жетісу» ФК (Талдықорған қ-сы) және «Қайрат М» ФК (Алматы қ-сы) Бірінші Лига командалары арасында ҚР біріншілігі өткізілді. Ойынның нәтижесі 2-1 есебімен "Жетісу" командасы жеңіске жетті, осы ойынға байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Саджина А.А., медбике Калиева Г.К. және жедел- жәрдем автокөлік жүргізушісі Нуржаханов С.У. футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.