2022 жылы 6 мамыр күні Талдықорған қаласындағы ипподромында Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдық мерей тойына арналған көкпарға облыстық жарыс, сондай-ақ 9 Мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен (бәйге) жарыс өткізіліп, марапаттау рәсіміне байланысты, Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің фельдшері Жанаманов С.М., медбике Калиева Г.К. және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушілері Нуржаханов С.У., Нуржаканов А. жарысқа қатысушыларға медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.