Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев, тұңғыш «Қазақстан барысы» және бірқатар танымал спортшылар қатысты, осыған орай

Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Сайлаубаева С. Е. және Байкенжинова М. С. қатысушыларға медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрімектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.

Жарыста аудандық және қалалық іріктеу жарыстарынан жеңіп шыққан 40 палуан күш сынасты. Турнир қорытындысында алакөлдік Мәди Еділбаев жеңімпаз атанып, оған басты жүлде «Лада Гранта» автокөлігі берілді. Екінші орынның тұғырына қапшағайлық Мәди Сапин көтеріліп, 1 млн, теңге иеленді. «Жетісу бөрісінің» үшінші орынын Кеген ауданының палуаны Бексұлтан Әнуарұлы алды. Ол 500 мың теңге сыйлығының иегері болды.