2022 жылдың сәуір айының 15 күні Талдықорған қаласының Қаратал жағалауында Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, ақпараттандыру, ұлттық спорт ойындарына тарту, жан-жақты болуына ықпал ету мақсатында «Қозы көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған «Талдықорған – арман қала» атты фестивалінің өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Ещанова Ж.К. қатысушыларға медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшілігін атқарды.