2022 жылдың наурыз айының 19-22 күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылында трофи рейд бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатының 1 этапы өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Саджина А.А. және жедел жәрдем жұргізушісі Нуржаканов А.У. жарысқа қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды."Off road kz" клубының директоры Тарасенко В.В. Қазақстанда жол талғамайтын көліктердін жарыстарын дамытуға қосқан үлесі үшін Диспансер ұжымын Дипломмен марапаттады.