2022 жылғы 5 наурыз күні Талдықорағн қаласы, Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансерінде, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай барша аналар мен әйелдер қауымына арналған салтанатты жиын өтті.

Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің директоры Нуржаханов Бақытжан Угарович диспансердің әйел қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә. Қыдырманов Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансерінің медбикесі Тергеусизова Клара Тұрсынқызын - "Құрмет грамотасымен" мараппатады және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы А.Исаев Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансерінің медбикесі Байкенжинова Мейрамгуль Сқақызын - "Алғыс хатымен" марапаттады.

Сондай-ақ, «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-ің Олимпиадалық спорт және спорттық резервтер бөлімінің басшысы Сарқытов Саят Төлепбергенұлы, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Үшкемпіров Алмат Тоқтарбекұлы құттықтау сөздерін сөйлеп, шараға қатысушыларды ару көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, залдағы барша аналар мен әйелдер қауымына гүл сыйлады.