2022 жылдың ақпан айының 13 күні, Талдықорған қаласы, 5 шағынаудан, 10а үйі мекенжайындағы каратэ залында, «Шинкиокушинкай» каратэдан Қазақстан Республикасы чемпонатына іріктеу турнирі өтті, осыған орай, Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің медбикесі Байкенжинова М.С. және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаханов С.У. қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.