2021 жылдың желтоқсан айының 27 күні Талдықорған қаласының Заң колледжіндегі ойын залында Мектептен Тыс Дамыту Орталығының жас өспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнирінің салтанатты түрде ашылу рәсіміне – Алматы облысының әр өңірлерінен 200 былғары қолғап шеберлері қатысты, сондай-ақ спортшылар мен төрешілер, олар:

Грек рим күресінен 2008 жыл Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спортшысы, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы;

Талдықорған қаласының құрметті азаматы, Талдықорған заң колледжінің директоры Мықтыбек Рымбекұлы;

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облысының спорт ардагері, Хамитов Равиль Абдрахманович;

Қазақстан Республикасының Айбын ордені, Құрмет ордені, Даңқ ордені иегері, еркін күрестен спорт шебері Бейісбеков Қазбек Қантайұлы;

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облысының бокстан аға бапкері, Шубутов Серік Мақсұтұлы;

Алматы облысының бокс Федерациясының вице-президенті Қазақстан Республикасының төрешілердің алқасының басшысы Ермек Сүйінішұлы қатысып, спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Осы турнирге байланысты, Олыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Саджина Александра Александровна, медбике Тергеусизова Клара Турсыновна және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаканов Акылжан қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.