2021 жылдың 20 желтоқсанында Талдықорған қаласының орталық бассейінінде  2004 жылғы және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында жүзуден «Жетісу кубогі» Республикалық турнирдің салтанатты түрде ашылуына Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансерінің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлы, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері және спорт резерві басқармасының басшысы Сарқытов Саят Төлепбергенұлы, сонымен қатар Талдықорған орталық бассейіннің басшысы Сүйінов Мерей Иембергенұлы қатысып, қатысушыларға өз жылы лебіздерін айтты. Осы турнирге байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Саджина А.А. және медбике Калыкбекова И.Е. қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.