15 желтоқсан күні Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің ұжымы арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау жиналысы өтті. Диспансеріміздің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлы Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздік күніне байланысты ұжымға жылы лебіздерін білдіріп, құттықтап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.Абдильдиннен аға медбике Қыдырбекова Шолпан Кенжебайқызына «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісін ұсынды. Сонымен қатар осы саладағы еңбектерімен көп үлестерін қосқан қызметкерлерге алғыс хат тапсырылды, олар:
Алматы облысының кәсіподақтар орталығы аумақтың кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырмановтан Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлы алғыс хатпен мараппатталды.
Денсаулық сақтау басқарма басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейтұлының атынан тіс дәрігері Р.Байтасова, жүйке ауруларының дәрігері Е.Омаров және көз дәрігері Е.Даирбеков алғыс хатпен мараппатталынды.
АО «SENIM» кәсіподақ ұйымының төрағасы Исаев Айбол Арыстанбайұлының атынан бас есепші Р.Шарипбаева және кәсіподақ төрайымы Г.Абзелбаева алғыс хатпен мараппатталынды.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Н.Теңізбаевтан УЗД дәрігері Г.Юлушева, хирург-травмотолог А.Мухамедиярова, ЛФК медбикесі Д.Сейтқалымова және тіркеуші А.Далбаева алғыс хатпен мараппатталды.
Сондай-ақ, Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері директоры Б.Нуржақхановтың атынан медбике А.Калиманова. авто-көлік жүргізушісі А.Нуржаканов және тазалықшы Р.Сейтжанова алғыс хатпен мараппатталынды.
Осы саланың бөлім меңгерушісі Сайлаубаева Сайра Ербайқызы ұжым арасында құттықтау тілектерімен сөз сөйлеп, өз білдірді. Тіс дәрігері Р.Байтасова және кәсіподақ төрайымы Г.Абзельбаева сөз сөйлеп, ұжымға құттықтау тілектерін білдірді.
Бүгінгі облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансерінің атынан 30 жылдық егеменді тәуелсіздік күнімен барша Қазақстандықтарды құттықтаймыз! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!