2021 жылдың 2 желтоқсан күні Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер арасында М.Бекмуханбетовты еске алуға арналған халықаралық турнирінің аяқталуына байланысты, Облыстық дәрігерлік - денетәрбиесі диспансерінің медбикеcі Байкенжинова Мейрамгуль Скаковна және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Кенжебеков Есет Аскербаевич қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.

Жалпы, еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап қазақ жастары қай спорт түрінен болмасын байрақты бәсекелерде топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Жеңісті сәттердің соңында бапкерлер мен спортшылардың аянбай тер төккен еңбегінің жемісі тұрғаны анық.

Осы турнирдің жасөспірім жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Әр жылымыз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын ерлеріміздің қатары көп болсын!