Жаңалықтар

2018жылдың 13 наурыз күні облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің 3 бөлімінің аяжаны Нургажинова С.К. Талдықорған қаласының № 1 Олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне барып, жаңадан келген медбике қызметінің жұмысымен танысып, мектептің санитарлық жағдайымен қоса,спорт залын тексеріп шықты. Сонымен қатар әдістемелік кеңестер беріп, садақ ату- спортшыларды терендетілген ақылы түрде медициналық тексеруден өту ге шақырды.

2018 жылдың 11 наурызында Футболдан Қазақстан Республикасының біріншілігі басталды. Талдықорған қаласында "Жетісу", Қостанайлық "Тобыл" командасын қабылдады. Ойынның 38 минутында Бауыржан Турсбек "Тобыл" командасына 1 гол силап жеңіске жетті. Еспептің қорытындысы 1-0. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.

Облыстық дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің бастығы Нуржаханов Бакытжан Угарович және ер азаматтары , Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтап, ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Алматы облысы "Жастар" спорт сарайында өтіп жатқан дзюдо бүгінгі күні өз жалғасын табуда. Осы орайда Алматы облысының дзюдодан жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Валиев Айдос Турсынбекұлы облыстық дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің атқарып жатқан жұмысына ризашылығын білдіріп, сұхбат берді.

Облыстық дәрігерлік денешынықтыру диспансері, балалар үйінің бүлдіршіні Зверев Амирді өз қармағына алып, әр мереке қарсаңында қал жағдайын сұрап сыйлықтарын беріп отырады. 2018 жылдың 06 наурыз күні балалар үйінде Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ыскак Бауыржан Ербозымұлы және барлық бас дәрігерлердің қатысуымен, "8 наурыз" аналар мерекесіне бүлдіршіндер , ертенгілік қойылымын қойып, жиналған қауымның көнілің босатты. Нуржаханов Бақытжан Угарович облыстық дәрігерлік денешынықтыру диспансерінің атынан Амирге спорттық киім мен аяғына жайлы аяқ киім сыйлады. Амир күн санап өсіп келеді, денсаулығы жақсы. Болашақта Амиримизге тек денсаулық тілеп, еліміздің жақсы бір азаматы болып өсуіне шын жүректен тілектеспіз. Ал біз өз тарапымыздан әр дайым Амирдің қал жағдайын сұрап, мерекелік шараларынан қалмауына тырысамыз.