2018 жылдың маусым айының 14 жұлдызы күні Талдықорған қаласы "Көктем гранд" қонақ үй кешенінде Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен "Медицина қызметкерлері күні" мерекесіне арналған салтанатты жиынын өткізілді. Салтанатты жиынға Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омар қатысып түрлі номинациялар бойынша үздік медицина қызметкерлерін марапаттады. Құрметті әріптестер Сіздерді Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тилей отырып, кәсіби біліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.