Еркін күрестен жасөспірімдер арасында "Жетісу арыстары" атты КСРО спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Манарбек Есімов, Петр Сватковский, Ниет Егеубаев, Сейдәлім Байбұқашев, Молдакерім Боранбаев, Мұрат Күнгеев, Юрий Ильиных, Нуртай Қасеновті еске алуға арналған Алматы облысының ашық турнирі ағымдағы жылдың 23 жұлдызында ұйымдастырылды.Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан. 15 командадан 150 спортшылар қатысады. Ашылу салтанатын Алматы облысы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысы Туратбек Толеубекулы Чарапиев ашты. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.