2018жылдың 14 мамыр күні Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дəрежеде спорт шебері, КСРО чемпионы Аманжол Бұғыбаевтің жүлдесіне арналған еркін күрестен жастар арасында республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Аманжол Бұғыбаев өз заманында жауырыны жер искемей талай мықтының жігерін құм еткен нағыз балуан. Екі мəрте КСРО чемпионы, ел чемпионатын он бір рет ұтып, КСРО кубогін қанжығасына байлаған майталман. Қарағайға қарсы біткен бұтақтай, үлкен спорттан кейін бапкерлікке ауысып, шəкірттерін қанаттандырды. Бапкердің жарысына республиканың барлығынан 200 ге жуық жас балуандар келді. Алматы облысы əкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірдің спортына тоқтала келе, Аманжол ағамыздың жүріп өткен жолынан естеліктер қозғады. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарады. Спортшыларымызға тек сәттілік тілеиміз.