2018 жылдың 14-15 сәуір күні Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясының ұйымдасыруымен өткізілген Қазақстан Республикасының дрифт, және мотоциклет кроссы бойынша 1 айналымы өткізілді.

Осы спорт жарысына Алматы облысының дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің бастығы Нуржаханов Бакытжан Угаровичтің қолдауымен Қарасай, Іле ауданының жедел жәрдем бригадасын ұйымдастырып, жарыс басталып аяқталғанға дейін спортшыларға қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен кезекшіліктерін ойдағыдай атқарды.