2022 жылдың мамыр айының 15 күні Талдықорған каласы, "Жетісу мемлекеттік университетінің" стадионында, "Жетісу М" ФК (Талдықорған қ. ) мен "Шахтер М" ФК (Қарағанды қ. ) Екінші Лига командалары арасында футболдан ҚР біріншілігі өткізілді. Ойынның нәтижесі 3-0 есебімен "Жетісу М" командасы жеңіске жетті, осы ойынға байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Сайлаубаева С.Е. және жедел- жәрдем автокөлік жүргізушісі Нуржаканов Акылжан футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.