2022 жылы мамыр айының 5 күні Талдықорған қаласындағы «Болашақ» стадионында жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында футболдан Алматы облысының Чемпионатының өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің фельдшері Сейтқалымова Д.С. және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаканов А. қатысушыларға медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.