2018 жылы наурыз айының 15 жұлдызында облыстық дәрігерлік денешынықтыру диспансеріне
Макарчук Диана 19.09.1999ж.туылған, садақ атудан 2017 жылы Азия кубогының 3 орын жүлдегері , 2018 жылдың наурыз айының басында Азияда (Тайланд) болған жарыста 2 орын иеленген Жетісудың ару қызы, жас спортшымыз диспансерге келіп, терендетілген медициналық тексеруден және емдік сауықтық шараларын қабылдады. Алдағы уақытта спортшымызға денине саулық болашақта тек биік белестерден көрініп, Қазақстанның тууын желбірете беруіне шын жүректен тілектеспіз. Сонымен қатар облыстық дәрігерлік денешынықтыру диспансері тек спортшыларды ғана емес ниет білдірген азаматтарды ақылы түрде тереңдетілген медициналық тексеруден өтуге шақырамыз.