2018жылдың 13 наурыз күні облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің 3 бөлімінің аяжаны Нургажинова С.К. Талдықорған қаласының № 1 Олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне барып, жаңадан келген медбике қызметінің жұмысымен танысып, мектептің санитарлық жағдайымен қоса,спорт залын тексеріп шықты. Сонымен қатар әдістемелік кеңестер беріп, садақ ату- спортшыларды терендетілген ақылы түрде медициналық тексеруден өту ге шақырды.

Садақ ату— мергендік спортының бір түрі. 1900 жылдан бері - жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. Шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол – осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет. Бүгінгі күні осы спорт түрімен әлемгнің 140 елінде айналысады, ал садақ ату көп күшті қажет ететін, соңғы жебеге дейін жалғасатын жарыс.