Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Талдықорған қаласының «Жастар» сарайында 4-6 қазан аралығында үлкен шара өтті. Социалистік Еңбек Ері және қоғам қайраткері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған республикалық турнир еркін және әйелдер күресінен болды. Еліміздің 11 облысынан жиналған үздік спортшылар үш күн бойына бақ сынасып, өз өнерлерін көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасөспірімдер өз облысының намысын қорғап, биік нәтижерлерге жетті.

Осы шараға орай «Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері» ужымы мен директоры Нұржаханов Б.У-ты белсенді спорт жарыстарына қызмет көрсеткені үшін, Қазақстан Республикасының еркін кұресінен еңбегі сіңірген жатықтырушы Бұғыбаев Аман Құмболат ұлы мен Алматы облысының еркін күрестен жас өспірімдер арасындағы аға жаттықтырушы Абишев Ерлан Жакиевич, Социалистік Еңбек Ері және қоғам қайраткері Зылиха Тамшыбаева белгісімен мараппатады.