Ағымдағы жылдың наурыз айының 26 -28 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласы "Өркен" спорт кешенінде қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс жасөспірімдер, жастар, ардагерлер жəне мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтеді.
Бəсекеге мыңнан аса спортшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сəттілік тіледі. Осы чемпионаттың басталып аяқталғанына дейін "Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің бригадасы қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай қызмет атқарады.