Бүгін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінде  16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай   салтанатты жиын өтті.

Диспансердің директоры Б. Нуржаханов ұжымды  келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап жиналысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ысқақтың ұжым қызметкерлеріне  арналған құттықтау хатынан бастады. Сонымен қатар өз сөзінде  Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Сондай- ақ  Б. Нуржахановқа  Тәуелсіздік мерекесіне орай  ҚР Денсаулық сақтау министірі  Е.Біртановтың құрмет грамотасы берілді. Салтанатты жиында  диспансердің бір қатар қызметкерлеріне  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Ысқақ, облыстық спорт басқармасының басшысы Н. Теңізбаев, «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы А. Исаев  және диспансерден  құрмет грамоталарымен қоса алғыс хаттар  тапсырылды.