2018 жылдың қараша айының 30 жұлдызы күні Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында Волейболдан ардагерлер арасындағы «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
Турнирға Қазақстан, Ресей, Татарстан, Польша, Монғолия, Өзбекстан, Қырғыстан, Тыва, Бурятия республикасының командалары қатысуда. Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ардагерлер арасындағы «Жетісу кубогы» халықаралық турниріне келген қонақтарға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Сондай ақ , волейболдан ҚР-ның спорт шебері, Европа кубогының иегері, «Жетісу» клубының жаттықтырушысы және волейболдан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Шапран Вячеслав Николаевичке «Алматы облысының құрметті азаматы» атағын беріп, медальмен марапаттады.
Сонымен қатар Азия чемпионаты мен ІІІ жазғы Паразия және жасөспірімдердің ІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болған спортшылармен жаттықтырушыларды құттықтап, ақшалай сертификаттармен марапаттады. Аталған турнир 3 күнге созылады. Осы турнирдің басталып аяқталғанын дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері қажетті дәрі дармектерімен медициналық бұйымдарымен кезекшілігін толықтай атқарады.
Барлық турнирге қатысушыларға сәттілік тілейміз.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/387-%C2%AB%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83-%D0%BA%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%B3%D1%8B%C2%BB-3.html#sigFreeId7c108779d1