Бүгін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінде 1 желтоқсан – Қазақстанның тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Диспансердің директоры Б. Нуржаханов ұжымды мерекемен құттықтап, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік, отбасына амандық, Елбасының басты талаптарының бірі халық денсаулығын нығайтуына бар күш жігерлерін арнай берулерін сондай ақ, жер жәннаты - Жетісу жерінде облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстар мен турнирлерді жұмыла атқаруға атсалысып, кәсіби біліктілігімен көзге түсіп жүрген баршаңыздың жемісті еңбек ете берулеріңізге тілектеспін деді өз сөзінде. Сонымен қатар бөлім дәрігері Абдраманова А.Ж. Елбасы туралы баяндама оқыды.
.