Облыстық дәрігерлік денешынықтыру диспансері, балалар үйінің бүлдіршіні Зверев Амирді өз қармағына алып, әр мереке қарсаңында қал жағдайын сұрап сыйлықтарын беріп отырады. 2018 жылдың 06 наурыз күні балалар үйінде Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ыскак Бауыржан Ербозымұлы және барлық бас дәрігерлердің қатысуымен, "8 наурыз" аналар мерекесіне бүлдіршіндер , ертенгілік қойылымын қойып, жиналған қауымның көнілің босатты. Нуржаханов Бақытжан Угарович облыстық дәрігерлік денешынықтыру диспансерінің атынан Амирге спорттық киім мен аяғына жайлы аяқ киім сыйлады. Амир күн санап өсіп келеді, денсаулығы жақсы. Болашақта Амиримизге тек денсаулық тілеп, еліміздің жақсы бір азаматы болып өсуіне шын жүректен тілектеспіз. Ал біз өз тарапымыздан әр дайым Амирдің қал жағдайын сұрап, мерекелік шараларынан қалмауына тырысамыз.