2018 жылдың мамыр айының 09 жұлдызында Талдықорған қаласының ипподромында Ұлы Жеңіс күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс түрлері; 5 шақырымға тай байге, 9 шақырымға құнан байге, 7 шақырымға жорға жарысы, 25 шақырымға Аламан байге. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.