2018 жылдың 10 сәуір күні Талдықорған қаласы Жастар спорт сарайында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасынан облыстық турнирдің ашылу салтанаты өткізілді.
Ашылу салтанатының қадірлі қонағы Самбо күресінен спорт шебері, Дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы,Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері., Ұлттық дәрежедегі төреші Чарапиев Сарсенбек Толеубекұлы қатысты. Қыздар арасынан 48 кг.бастап + 78 кг. дейін.Ұлдар арасынан 60кг. +100кг. дейін, 14 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.