2018 жылдың 20 наурыз күні Облыстық дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінде наурыз мерекесіне

арналған ақ дастархан жайылды, казақтын салт дәстүрінен "бет ашу" көрінісінен қойылым ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының мекемесі басшының орынбасары Ахметова Э.А., осы мекеменің қызметкері Иманбекова Г.М. облыстық ақсақалдар алқасынан ақсақал Б. Садырбаев, Талдықорған қаласының тубуркулезге қарсы балалар санаториасының бас дәрігері Ережепов М.Ш., ҚР Денсаулық сақтау Министірлігі Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Р.М.М. басшысының орынбасары Белтаева Н.С., тағы басқа қонақтар ақ дастарханға шақырылып , наурыз көжесінен дәм татты. Ақ баталарын беріп , диспансердің ұжымына рахметтерін айтты.